Басты тақырып

Қауіпсіздік қалқаны

   ҚР Ұлттық ұланының құтқарушы әскери қызметшісі болу – әрі жауапты, әрі сыйлы, әрі құрметті де күрделі мамандық. Ажалға араша тұрып, отандастарымызды от пен судан қорғап қалар жарты ғасырлық тарихы бар мұндай әскери бөлімнің бірі һәм бірегейі полковник С.АЯШЕВТІҢ басшылығындағы – Қарағанды қаласы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 52859 әскери бөлімі.

19 қазан – Қазақстан Республикасында құтқарушылар қызметтері мен бөліністерінің кәсіби мерекесі екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Ал, ҚР Ұлттық ұлан әскери қызметшілері болса, Тәуелсіздік жылдары өзінің әскери борышын адал орындап, халықтың  сый-құрметіне бөлене білді.

1995 жылы 19 қазанда Елбасы Жарлығымен «құтқарушы» мамандығы құрылған еді. Бүгінгі күні Ұлттық ұланның жаңа өрлеу дәуірінде бөлімнің әскери қызметшілері өңірімізде, сондай-ақ, елімізде төтенше, табиғи және техногендік сипаттағы жағдайларды болдырмау және азаматтар мен тұрғындардың қорғанысын нығайту ісінде зор үлес қосып келеді.

52859 әскери бөлімінің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттері тарихта таңбаланған десек артық айтқан болмас. Мәселен, Чернобыль АЭС төтенше жағдай зардаптарын жоюға қатысудан бастап, Қарағанды облысында «Протон-М» ракетатасушысының құлау аумағында гептилдің төгілуін жою, «Бурабай» ұлттық паркі аумағындағы орман  өртінің  зардаптарын жою, Жамбыл облысындағы Луговой ауылының, Алматы облысының Қызылағаш ауылының зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізу, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы су тасқыны кезінде апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу, облыстағы Көкпекті, Ғ.Мұстафин ауылдарында дамба жарылыстарын жою сынды түрлі міндеттерді орындады.

Осы күні бөлімнің әскери қызметшілері Қарағанды облысы бойынша өңірлік ТЖД апаттық-құтқару бөліністерінің қызметтерімен тығыз қарым-қатынаста. Себебі, бірлесе атқарылған жұмыс – тиімді нәтиже береді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button