АймақҚарағанды

Қауіпке қарсы күрес талқыланды

Төтенше жағдайдың алдын алу – жүйелі жұмысты талап етеді. Оған мемлекеттік органдардан бастап қарапайым азаматтар да мүдделі. Келер қауіптен арылудың бір жолы –  тиісті ережелерді тәжірибе жүзінде ескеру. Осы орайда «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ өкілдігінің ашылуына байланысты семинар өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Аманжол Оразбаев білім мекемелері басшыларымен өткен жиында террористік шабуыл, кепілге алу және қарулы адамдардың террористік тұрғыдан осал нысандарға ену қаупі кезіндегі жедел рәсімдерді талқылады.

Полковниктің айтуынша, адам қателіктері  төтенше оқиғаларға себеп болады. Мәселен, қоғамдық төтенше жағдайлар, әсіресе, террорлық шабуылдар мен зорлық-зомбылықтың басқа түрлері әсер етуі мүмкін. Азаматтық толқулар, демонстрациялар және әлеуметтік наразылықтың басқа түрлері бақылаудан шықса, қоғамға үлкен қауіп төндіреді. Дағдарыс жағдайында байланыс және ескерту жүйелерін жақсарту үшін заманауи технологияны барынша қадағалау – маңызды.

– Мәселен, мектеп ғимаратына салынған бомба (түтін немесе басқа төтенше жағдай) туралы хабарлама келді делік. Оқыста, басына іс түскенде абдырап қалатын басшылар да бар. Мектеп басшылары төтенше жағдайлар жоспары бойынша адамдарды эвакуациялап, барлық оқушыларды шартты жерде жинауды және бақылауды қамтамасыз етіп, құқық қорғау органдарын хабардар етуі тиіс. Сондықтан, халықты ақпараттандыра отырып, оқыту маңызды. Азаматтарды төтенше жағдайларда аман қалу негіздеріне үйрету арқылы төтенше жағдайлардың алдын алуға болады, – дейді Аманжол Оразбаев.

Айта кеткен жөн, «Терроризмге қарсы комитет» 2016 жылы Қазақстан жиі кездесетін террористік қауіп-қатерлерге жауап ретінде құрылған. Комитет ТҚК запастағы ҰҚК полковнигі Аманжол Оразбаевтың басшылығымен жоғары білікті мамандардан құрылған.

Полковник комитетті құру барысында ол ұлттық қауіпсіздік органдарында 25 жылдан астам уақыт бойы терроризмге, есірткі трафигіне қарсы күрес мәселелерімен айналысты. Сондай-ақ, аталған қатерлерді азайту мақсатында өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне көңіл  бөлген.

Семинарда сондай-ақ, төрағаның орынбасары, БҰҰ Терроризмге қарсы басқару мінез-құлықты талдау Академиясының түлегі, саяси кеңесші Ассоль Мирманова ақпараттық қауіпсіздік және насихат саласында әңгіме өрбітті.

Аяулым СОВЕТ,

«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button