АймақҚарқаралы

Аудан орталығында автобус жүре бастады

Бүгін, 5 ақпаннан бастап Қарқаралы қаласының ішінде жолаушылар мен қол жүгін тасымалдау мақсатында қоғамдық автобус ұйымдастырылды. Қаланың екі басынан бір-біріне қарама-қарсы бағытта қатынайтын екі автобустың бірі «Нұр-Али» ЖК-нің жекеменшігі болса, екіншісін кәсіпкер қаладағы коммуналдық кәсіпорыннан жалға алған.

Сурет: автордан

Тасымал жұмысы әбден қалыптасып, жолға қойылғанша кәсіпкер Рахметолла Мақышев жүргізушілік міндетті де өз мойнына алған. Автобуспен қатынау үшін жол ақысы: ересектер үшін –70 теңге, балалар үшін – 30 теңге.

Қоғамдық автобустар қала ішінде, белгіленген кесте бойынша, үш мезгіл жүреді. Айта кету керек, қоғамдық көліктің жүру кестесін әзірлегенде ең алдымен алдымен оқушы балалардың сабаққа бару уақыты ескеріліп, негізге алынды.

Алдағы уақытта автобустардың жүру бағытын өзгерту бойынша халықтың сұраныс-тілектері ескерілетін болады.

Автобустар бастапқы екі айда қоғамдық көлікке деген сұранысты бағамдау үшін жүргізіледі. Яғни, автобустың өз шығынын ақтап, әрі қарай тұрақты жүріп-тұруы халыққа қаншалықты қажет боларына байланысты. Сондықтан, Қарқаралы халқы осы қоғамдық көліктердің тұрақты қатынауын қаласа, олардың қызметін жиірек пайдаланғаны абзал.

Болатбек ӘШІМҰЛЫ,

Қарқаралы қаласы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button