Covid-19Жаңаарқа

Аудан әкімі екпе салдырды

Жаңаарқа ауданына коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 3 000 данасы жеткізіліп, тұрғындарды жаппай егу шарасы белгіленген мерзімінде басталды. Аудан әкімі Юржан АСАНОВ екпені алғашқылардың қатарында салдырды.

Осы орайда ізгі ниетті шара басталған күні екпе салу кабинетіне келушілер арасында аудан прокуроры Асылхан Әзілханов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ержан Ыбырай, ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Мұсабекова, Қазақ КСР Мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның Құрметті профессоры, «Құрмет» орденінің иегері, Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы, дәулескер күйші Мұхамеджан Тілеуханов және тағы да басқа жалпы қауымға танымал азаматтар болғанын айта кеткен жөн.

Қазіргі таңда ауданның медицина, білім беру, сондай-ақ, құқық қорғау салаларының қызметкерлері вакцина салдыруда.

Егілген адамдар екпе алғаннан кейінгі көңіл күйлері қалыпты екенін, денсаулық ахуалында қандай да бір өзгерістер байқалмағанын айтады.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТ,

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button