Ресми

Ауғанстан – қазақстандық экспорттаушылар үшін өте тиімді ел

Ауғанстан – Орталық Азия елдері, Үндістан және Парсы шығанағы елдерін байланыстыратын ел. Әрі 220 миллион халқы бар Пәкістанға апаратын ең қысқа жол. Ауғанстан арқылы Карачи және Гвадар теңіз порттарына, одан әрі Үндістанға, Таяу Шығыс пен Африка елдеріне шығу мүмкіндік бар. Ал, бұл қазақстандық экспорттаушылар үшін өте тиімді сауда нарығы. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлімдеді.

Ауғанстан

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 987,9 млн. АҚШ долларын құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе жоғары екенін айту керек. Аталған көрсеткіштің шамамен 90%-ы қазақстандық экспортқа, негізінен өңделген өнімге тиесілі.

2023 жылдың 5 айында елдер арасындағы сауда 316,6 млн. АҚШ долларды құрады, оның 310 млн. доллары қазақстандық экспортқа тиесілі.

Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік, мұнай-химия, химия, металлургия, жеңіл машина құрастыру салаларында жеткізу бойынша 500 млн. АҚШ долларынан астам сомаға экспорттық әлеуетке ие.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button