Поэзия

Астана – Азияның ару қызы

Ай қабақ, жайма шуақ жүзі қандай,

Ақ гүлдей сүйгің келер үзіп алмай.

Астана – Азияның жас қаласы,

Ажарын көрген адам қызығардай.

 

«Бәйтерек» құшақ жайған көшем жаңа,

Астана қарқын алды өсер дара.

Есілдің жағалауын жарқыратқан,

Аққудың ұясындай әсем қала.

 

Аңсатқан шырын, шәрбат бал-уызы,

Тамсантқан таңғажайып     дәру жүзі.

Бой жазған Сарыарқаның самалында,

Астана – Азияның ару қызы.

 

Құлшынған күншығыста   жас қалаға,

Батасын берді Алатау бастап алға.

Ақжарқын Азияға нұрын шашқан,

Тілейміз құт, береке Астанаға!

Кәкімбек Салықов

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button