Жаңалықтар

Қашып кетпеңізші

Бір күні редакцияға газет жанашыры, тұрақты оқырман келіп, «Құрыш қаланың» нағыз оқитын газет болып шығып жатқанын айтып, сүйсініп, Серікгүл апайдың қолына көрімдікке деп тұтас он мың теңге ұстатты.

– Қыздар, шай ішейік, мен дүкенге барып бірдеңелер алып келейін,– деп Серікгүл апай киініп жатқан еді.

Сонда Қарлығаш:

– Апай, әйтеуір он мың теңгені алып, қашып кетпеңізші, – деді әзілдеп.

Қыран-топан күлкіге қарық болдық, өйткені, жеті ай бойы бір тиын жалақы алмай тегін еңбек етіп жүрген кезіміз еді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button