Ашудан оны төрт рет тептім – Бишімбаев
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралып жатыр. Сотта Қуандық Бишімбаев марқұм әйелін қалай ұрғаны жайлы айтып берді. Оның айтуынша, ол Салтанат Нүкенованы 3-4 рет тепкен.
– Мен бұрылып, жанына келдім. Оның шашынан ұстап, бетінен оң жақ бетінен екі рет, сол жақ бетінен екі рет ұрдым. Ол құлап түсті. Тағы да әдейі істеп жатыр ма, әлде жағдайы нашар ма түсіне алмадым. Ол құлаған кезде мен оның жамбасы мен санынан үш-төрт рет тептім. Мен өмірлік маңызды мүшелеріне тимегенімді және тимеу керек екенімді түсіндім. Ашудан оны төрт рет тептім: “Тұр, не істеп жатырсың?” дедім. Ол тұрмады, сондықтан мен оны шашынан көтере бастадым. Сол жерде дәретхана бар еді, ол да жуынсын, мен де жуынайын деп сүйреп апардым. Сол жерден оның шашынан ұстап, бірінші VIP-бөлмеге апардым, – деді Бишімбаев.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА