Қаржылық есептілік аудитінің қорытындылары
Жыл сайын Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті нақты уақыт режимінде жылдық қаржылық есептілік бекітілгенге дейін қаржылық есептілікке аудит жүргізеді. Бүгінгі таңда аудиттің бұл түрі қоғамның мемлекетке деген сенімін қалыптастырудың алғышарттарын жасайтын қаржылық бақылау құралдарының бірі болып табылады.
Аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша қаржы министрлігі сенімді қаржылық есептілікті алады, яғни бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық жағдайы туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда облыстық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде көрсетілген деректердің сенімділігін қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды.
Мәселен, нақты уақыт режимінде 2023 жылғы тамыздан бастап 2024 жылғы науырызға дейін бюджеттік бағдарламалардың 4 әкімшісі және олардың ведомстволық бағынысты мекемелері бойынша қаржылық есептілікке аудит жүргізілді («Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ, «Балқаш қаласының құрылыс бөлімі» ММ, «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ).
Аудитпен қамтылған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері активтерінің жалпы сомасы 7,3 млрд. теңгені құрады, бұл облыстық бюджет балансының валютасының 0,9%-ын құрайды.
Бұдан басқа, ведомстволық бағынысты мекемелер бойынша қарсы тексерулер жүргізілді, онда баланс валютасы 3,2 млрд. теңгені құрайды.
Аудит барысында 276,2 млн. теңге сомасына бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібінің бұзылуы анықталды, оның ішінде 46,8 млн. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды, бұл жалпы бұзушылықтар 17%-ын құрайды және 229,4 млн. теңге сомасына рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Анықталған бұзушылықтардың 8,5 млн. теңгесі өтелуге және 38,2 млн. теңгесі қалпына келтіруге жатады, аудит қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен бюджет кірісіне өтелді және есепке алу бойынша толық көлемдеме қалпына келтірілді.
Жоғарыда көрсетілген кемшіліктер активтерді көрсетпеу, дұрыс жіктемеу, бухгалтерлік есепте операцияларды уақтылы көрсетпеу, дебиторлық берешекті қайтару бойынша шаралар қолданбау салдарынан жіберілді.
Бұл жағдай әкімшілердің басқару есебін толық жүргізбейтіндігін көрсетеді, бұл мекемелер мен ұйымдардың қаржылық-экономикалық жағдайын талдау, қолда бар ресурстарды сапалы бөлуді жоспарлау болмаған кезде көрінеді. Сондай-ақ, шығыстарды оңтайландыру және тиімсіз шығындарға жол бермеу, қаржылық көрсеткіштерді жақсарту тиісті дәрежеде жүзеге асырылмайды.
Мемлекеттік органдар жүргізетін активтерді түгендеу негізінен формальды болып табылады, өйткені аудит барысында белгіленген кейбір ауытқуларды сапалы түгендеу кезінде анықтауға және алдын алуға болады.
Қаржылық тәртіптің төмен деңгейінің себептерінің бірі-әкімшілердің дұрыс құрылмаған ішкі бақылау жүйесі.
Аудит барысында жылдық қаржылық есептілік бекітілгенге дейін 229,4 млн. теңге сомасына ауытқулар жойылды және сәйкестікке келтірілді.
Бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралардың уақытылы 4 әкімші бойынша қаржылық есептілікте елеулі бұрмаланулардың алдын алуға лауазымды тұлғаларға әкімшілік жүктемені төмендетуге ықпал етті.
Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті.