Қаржы пирамидасы ҚР бас қаласында маркетингтік компания ретінде жасырылған
Ел астанасындағы АФМ департаменті инвестиция саласындағы маркетингтік компания ретінде жасырылған “MMK Investment” қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мұндай компаниялардың өкілдері $50-дан ең аз инвестиция тарту арқылы күнделікті кірісті жоғарылатуға уәде етеді. Сондай-ақ, салымшыларды келтірілген әрбір клиент үшін қосымша % тарта отырып. Жеке кабинеттегі әрбір салымның сомасы шарт жасамай-ақ, “цифрлық түрде” көрсетілген. “MMK Investment ” компаниясының заңсыз қызметі әлеуметтік желілер арқылы жарнамаланды. “MMK Investment” қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
“АФМ азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады”, – делінген ҚР АФМ баспасөз қызметінің хабарламасында.