Жаңалықтар

Қаржы үнемдеуді үйретеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде «Қарызсыз қоғам» жобасы жүзеге асырыла бастаған. Жоба аясында Қарағанды облысында да бірқатар шаралар атқарылған. Аймақ тұрғындарын қарызсыз қоғамда өмір сүруге, қарызданбай, экономикалық тұрғыдан сауатты болуға, алған қарызынан оңай құтылуға бағытталған арнайы сабақтар да ұйымдастырылған еді. Енді аталған жобаның екінші кезеңі басталғалы тұр.

Сурет: kostanaytany.kz сайтынан

Қарағандыда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру жалғасын табуда. Кеншілер астанасының тұрғындары үшін тағы да тегін қаржылық сауаттылық сабақтарына қатысуға мүмкіндік туып отыр.

Нақтырақ айтсақ, жобаның жаңа кезеңі 8 сəуірде басталмақ.

Тегін оқыту бағдарламасы қаржылық сауаттылықтың негізін, отбасылық бюджет аудитін, жеке қаржыны басқаруды, қаржылық жоспарлауды, сонымен қатар, бизнес-жоспарлар жазуға қол ұшын беруді һəм шағын жəне орта бизнесті мемлекеттік қолдау жөніндегі ақпараттарды қамтиды.

Оқудан бөлек, жоба аясында қатысушыларға заңгерлердің көмегі де көрсетіледі. Олар əр қарыз алушының несиелік тарихын жеке зерттеумен қатар, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша практикалық кеңестер беретінін де айта кеткен жөн.

– Шындығында, «Қарызсыз қоғам» жобасы – заман талабына сай туындап отыр десек, артық айтқандық емес. Өйткені, қарызы жоқ адамды табу қиын қазір. Осындай қиын кезеңде аталған жобаның қолданысқа енуі – өте құптарлық іс. Ақша үнемдеуді, қарыз алмауды, алған қарыздан оңай құтылуды үйрететіні бізге өте пайдалы болып тұр. Оның үстіне тегін. Əр қадамың ақша болып тұрған заманда бұл мүмкіндікті пайдаланып, қарызсыз өмір сүруді меңгеріп алған жөн, – дейді қала тұрғыны Малика Абдуллаева.

Əр қатысушы оқу аяқталған соң сертификатқа ие болады. Сабақтар 8-12 сəуір аралығында өтеді деп жоспарланып отыр. Сабақ уақыты əр күні таңертеңгі 09:00-ден түскі 13:00-ге дейін.

Аталған жобаға қатысу үшін келесі телефондарға хабарласып, жазылуға болады: (8-7212) 42-15-05, 40-08-53, +7-778-097- 69-08 немесе qogamfi n.kz сайтына кіріп, тіркелу керек.

Қарағанды қаласында «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша оқыту Əлиханов көшесі, 4 мекенжайы бойынша (облыстық Amanat партиясының ғимаратында) жүзеге асырылатынын айта кету керек.

Жəлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button