Жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі қайта ұзартылды

ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

 – 17 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А. Мұхамедиұлына қатысты қамауда ұстау шарасының мерзімін бір айға ұзартты,- делінген елорда сотының хабарламасында.

Еске салайық, былтыр 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Антикор ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тақты.

Кейін еліміздің ішкі істер министрлігі Арыстанбек Мұхамедиұлының «суицид әрекетіне» қатысты түсініктеме берді.

Айта кетсек, Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі осыған дейін де бірнеше рет ұзартылып келді.

Басқа материалдар

Back to top button