Бас тақырыпЖаңалықтар
Ғарышкерлерді Қарағанды әуежайында қарсы алды
Кеше ғарышкерлер Алексей Овчинин, Иван Вагнер және NASA астронавты Дональд Петтит «Союз МС-26» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) шыққан соң Жерге оралды. Ғарышкерлер Жезқазған даласына қонып, кейін Қарағанды әуежайына жеткізілген.

Айта кетейік, «Союз МС-26» ғарыш кемесі 20 сәуірге қараған түні Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) «Рассвет» модулінен шығарылған. Экипаж станцияда 2024 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ғарышкерлер бірнеше тәжірибелер жүргізген.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.