Ғарышкерлер – Қарағандыда

«Союз-МС­13» ғарыш кемесінің қону аппараты Жезқазғанның оңтүстік-шығысына қарай 146 шақырым жерге қонған еді. Жерге аман­есен жеткен экипаж мүшелері – ресейлік Александр СКВОРЦОВ, АҚШ азаматы Кристина КУК және итальяндық Лука ПАРМИТАНОНЫҢ денсаулығы бірқалыпты. Оларды «Сарыарқа» әуежайында қала әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВ қарсы алып, экипаж мүшелерімен өткен баспасөз мәслихатына қатысты.

Ғарышкерлерді әуежайда көпшілік қауым гүлдестелерімен күтіп алды. Арнайы тексерістен өткен ғарышкерлер баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді. Оны Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров тізгіндеді. Ата-баба дәстүрімен қонақтардың иы ғына шапан жапты. Ғарыш кемесі аппаратының қонуына қатысқан мамандар әсерлерімен бөлісіп, экипаж мүшелеріне өз суреттері бейнеленген мүсіншелерді сыйға тартты.

Әуежайға арнайы келген «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушісі Алдияр Чеботаревтің айтуынша, бүгінгі кездесуден керемет әсер алған. «Біз оқитын №33 орта мектепте оқушылардың өз әкімдігі бар. Мен – сол ұйымның әкімімін. Орынбасарларыммен кеңесіп, ғарышкерлерге қолдан жасаған сыйлықтарымызды тапсырдық» – деді ол.

Ал, өзін Скворцовтың сыныптасымын деп таныстырып, оған сыйлығын ұсынған хирург Жанна Кравчук Мәскеуден арнайы келген екен. «Осы жолғы ғарыш сапары ерекше болды. Мен көптен бері оған қолдау білдіріп келемін. Өте жақын доспыз. Александр – өте тәжірибелі ғарышкер» – деп тебіренді ол.

Жерге оралғандардың станцияда қалған әріптестері – ресейлік Олег Скри  почка, америкалық Эндрю Морган және Джессика Меир жұмыстарын жалғастыруда.

«Союз МС-13» әуе кемесімен станцияға 2019 жылы 21 шілдеде Скворцов, Пармитано және Морган ұшып барған болатын. Кристина Кук 2019 жылы 15 наурызда «Союз МС-12» кемесімен жет Кук ұшу кезінде алты рет ашық ғарышқа шықса, оның үшеуінде қасында Меир болған. Олардың кеңістікке шығуы 18 қазанда бортында толық әйелдерден құралған команда жұмыс істеген шақтағы алғашқы оқиға болды. Ал, Скворцов ғарыш жағдайында антропоморфты роботты басқарған алғашқы ғарышкер атанса, Пармитано бірнеше рет ашық ғарышқа шыққан екен.

Жәлел ШАЛҚАР.