Спорт

Армениядан олжалы оралды

Армения астанасы Ереван қаласында самбодан әлем чемпионаты өтті. Аталмыш чемпионатқа әлемнің 70 елінен 650 спортшы қатысып, өзара бақ сынасты. Байрақты бәсекеде әйелдер арасында 50 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз Маргарита Бажаева күміс жүлде иеленді.

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

Биыл самбо спортына – 85 жыл. Мерей­той қарсаңында ұйымдастырылған бәсекеге кіл мықтылар шақыртылған. Десе де, қарағандылық спортшы қарсыластарынан жасқанбай, жүлдегерлердің қатарынан көрінді.

– Бәрі мен ойлағандай болмады. Әлі де жетілуім қажет. Үйренерім көп. Менің ең бірінші мақсатым – қарқынды бәсеңдетпеу. Ия, финалға дейін бәрін өз ойлағанымдай істедім. Өкінішке қарай, ақтық кезеңде мүмкіндігімді пайдалана алмадым, – дейді Маргарита Бажаева.

Осы бәсекеде өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздік үштікті түйіндеді. Көш басында – Ресей спортшылары. Одан кейінгі сатыда Өзбекстан құрамасы. Айта кетейік, келер жылы самбодан әлем чемпионаты Астанада өтеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button