Бұқар жырауАймақЖаңалықтар

Ардагер ұстаз асық атудан ел чемпионы атанды

Бұдан бұрын жазғанымыздай, Бұқар жырау ауданы спорт бөлімінің қызметкері, жасы алпыстан асқан Еркін Үмітбаев Түркістан қаласында өткен ардагер балуандар арасынан қола медальді иеленсе, іле-шала Шымкент қаласында асық атудан ұстаздардың республикалық турнирінде жеңіс тұғырына көтеріліп, ел чемпионы атанды.

Сурет ұйымдастырушылардан

Бұл Еркін екеуіміз бала күннен Бұқар жырау ауданының Үлгі аулында бірге ойнап өскен едік. Ол жасынан пысық, спортқа бейім болып, өз қатарының алды болды. Ауған соғысына қатысып, елге оралған соң жоғары оқу орнын бітіріп, аудан мектептерінде денешынықтыру пәнінен сабақ берді. Қазақ күресімен белсенді шұғылданған ол спорт шеберлігін қорғап, қаншама жас балуандарды дайындап, өзінен тәрбие көрген інілерін қазірде дүбірлі додаларға қосып жүрген білікті жаттықтырушы да.
Жасында асық атудан да ауыл балаларынан алдына жан салмаған Еркін сондағы машық-дағдысын ұмытпай, тағы да топ жарды.
Шымкентте өткен республикалық турнирде асық ату ойны жеңімпаздарын марапаттау сәтінде жерлесіміз Еркін Үмітбаевқа «Денешынықтыру саласының үздігі» куәлігі мен төсбелгісі де салтанатты түрде табыс етілді.
Біз жерлес балуан ұстазымызды осы қос бірдей жүлдесімен құттықтаймыз!

                                                       Ержан ИМАШ
                                    Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button