ЖаңалықтарШет

Ардагер спортшының таңдауы – Әділетті Қазақстан

Ақадыр кентінде орналасқан референдум учаскесіне белгілі ардагер спортшы Дәрібай Қараманұлы Оспанов келіп, өз таңдауын жасады. Ел намысын халықаралық жарыстарда абыроймен қорғап жүрген спорт саңлағы бұл жолы да ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді.

Сурет автордан

Жетпістен асқан жасына қарамастан, спорттан қол үзбей, талай дүбірлі додада топ жарып жүрген Дәрібай Қараманұлы – жас ұрпаққа үлгі болар тұлға. Жақында ғана өткен жарыста ардагерлер арасында 93 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, пауэрлифтингтің классикалық түрінен қола медаль, ал арнайы жабдықпен көтеруден алтын медаль жеңіп алды. Осылайша, ардагер спортшының халықаралық жарыстардан иеленген медаль саны 22-ге жетті. Оның ішінде әлем біріншіліктерінен алған жүлделерінің саны – 10. Соның бесеуі – алтын, төртеуі – күміс, біреуі – қола медаль. Ал, Азия чемпионатында ол он алтын және екі күміс медаль жеңіп алған.

Нұрдос КӘРІМ
«Ortalyq Qazaqstan»

Шет ауданы

Басқа материалдар

Back to top button