"Білгенге маржан"

Араб елін Қыпшақтан шыққан 25 сұлтан басқарған

   Бір заманда Бейбарыс сұлтан бабамыз жат елге құл болып сатылып барса да, тектілігін танытып, қажымас қайраттың, мұқалмас жігердің үлгісін көрсетіп, билік басына көтерілген.

Мәмлүк қыпшақтардың рухы тек арада жеті ғасыр өткеннен кейін Бейбарыстың асқан қайраткерлігі мен батырлығының ар­қа­сында ата мекенімен қауыш­қан. Оған мысал, Бейбарыстың дәуірінде ғұмыр кешкен тарихшы Вильгельм Тайпольский де оған: «Бейбарыс – жауынгерлігі жа­ғы­нан Гай Юлий Цезармен те­резесі тең тұратын қаһарман» деген баға берген. Қазір Мысыр билеушісінің өзінің кіндік қаны тамған жерінде – Жайық өзенінің жағасындағы Атырау қаласындағы ескерткіші тәуелсіз елдің арайлы таңын жерлестерімен бірге қарсы алып, асқақ тұр.

Бірақ, одан бөлек Мысыр даласын басқарған басқа да Қыпшақ сұлтандары бар екенін білесіз бе? Сан ғасырдың сырын ішіне бүккен Мысырдың көне тарихына зер салсақ, Араб сахарасында әмірін жүргізген қыпшақтар Бейбарыспен шектелмейді. Одан кейін билікке Хасан, Қалауын, Қайтпай секілді сұлтандар келді. Нақты айтқанда, Бейбарыстан соң Мысырды ұлдары – Берке мен Саламыш басқарды. Одан кейін билікке қайсарлығымен көзге түскен Қалауын келді. 1348-1361 жылдары тақта отырған Хасан сұлтанға арналып салынған мешіт, әрі медресе сәулеті таңдай қақтырады. Ол 1260 жылы Триполи маңындағы крестшілердің қамалын алуда асқан ерлік көрсетіп, ел сеніміне кірген.

Тарихи дерекке сүйенсек, Қып­шақтан шыққан 25 сұлтан араб елін 130 жылдай басқарған. Бей­барыстан бастап Тұманбайға дейінгі сұлтандар Мысыр жерін сыртқы жау мен ішкі жаудан қорғаған. Осы 25 сұлтанның ешқайсысы ата жұрты – қазақ даласымен байланыс үзбеген екен. Өткен дәуірдің көзіне айналған Мысырдағы тарихи жерлердің сырына тереңірек үңілетін болсақ, қазаққа қатысты басқа да құнды мәліметтер табылары сөзсіз. Қыпшақ мәмлүктері қатпарлы тарихта араб елінің әдебиеті мен мәдениетінде үлкен із қалдырды.

Маржан терген

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button