ЖаңалықтарРесми

Екібастұздықтар қарағандылықтарға Алғыс білдірді

Екібастұздағы жылу жүйесін қалпына келтіру үшін көмекке барған «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС және «Қарағанды Су» ЖШС қызметкерлері жұмыс істеуде. Бүгінде олар қаладағы біраз жұмыстардың бетін қайтарған. Жылу берілген пәтер иелері видео арқылы Алғыс білдірді, деп хабарлайды  Оrtalyq.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 1 желтоқсанда дәнекерлеушілер мен жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарлардан құралған 22 маман Екібастұзға жіберілген еді. Одан кейін 3 желтоқсанда  тағы 70 маман көмекке аттанды. Сонымен қатар, қала тұрғындарына облыстық әскери қызметкерлері көмектесуде.  

– «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС қызметкерлері  қатып қалған құбырларды ауыстырды. Үйдегі батареяларға шүмек орнатып, барлық қажетті дәнекерлеу жұмыстарын жүргізді. Біз бір апта бойы сусыз, жылусыз отырдық. Енді жөндеу жұмыстарынан кейін жылу да су да келді. Жігіттер күндіз, түн демей дамылсыз жұмыс істеді. Бәріңізге алғыс айтамын, – деді Екібастұз тұрғындарының бірі.

Басқа материалдар

Back to top button