Спорт

Қарағандылықтар ел қоржынына 18 жүлде салды

Қарағандыда жабық кешендегі Президенттік көпсайыстың жазғы түрлері бойынша Қазақстан Кубогы өтті. Бесінші мәрте өткізіліп отырған дүбірлі байқауға биыл Астана, Алматы қаласынан бөлек, тоғыз облыстан 12-77 жас аралығындағы 150 спортшы қатысты. Бұл додаға облыс атынан қатысқан 55 спортшының 18-і ел қоржынына жүлде салды.

Суреттер: Облыстық спорт басқармасынан

Қатысушылар спринт, пневматикалық мылтық ату, еркін жүзу, төзімділікпен жүгіру сынды спорт түрлері бойынша сынға түсті. Төрт күнге созылған чемпионат нәтижесінде жүлде жиынтығы бойынша Қостанай облысының спортшылары алға шықты. Одан кейінгі сатыға Қарағанды облысының командасы, жүлделі ІІІ орынға Алматыдан келген команда табан тіреді.

Одан бөлек, жасөспірімдер спорт мектептері арасында өткен командалық сайыста облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв балалар мен жасөспірімдер мектебінің оқушылары жүлделі ІІІ орын иеленді. Ал, командалық сайыста ​облыстық «Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша ШВСМ» СК командасы иеленді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button