Жаңалықтар

Қарағандылықтарға жалған жолдама сатқан адам сотталды

Қарағандылықтарға жалған жолдама сатып, 11 млн. теңгені қалтасына басқан 28 жастағы туристік фирма директоры Ольга Пожематкина 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: ktk.kz

Тергеу кезінде үйқамақта болған Ольга Пожематкина басына іс түскен бойда күйеуімен ажырасып, жалғызбасты ана статусын алған. Тіпті елге қарыз болып қалғанын айтып, полицияға өз аяғымен барған. Сондықтан іс азаматтық сотқа ауысып, ары кетсе шартты жаза болады деп үміттенген. Алайда, сот оның алаяқтықты қасақана жасағанын дәлелдеді. Өзін қамауға алып, «төстегі баласының тағдырын қамқоршы органдар шешсін» деген қаулы шығарған. Ал, елден алған қаржыны қайтару міндеттелді.

Ольга Анатольевнаны ҚР ҚК 190-бабы, 3-тармағының 1 және 3-пункіне сәйкес кінәлі деп танып, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Жазасын орташа қауіпсіз режимдегі мекемеде өтейді. Осыған дейін үйқамақта болған оны сот залында ұстап, қамауға алды.

Басқа материалдар

Back to top button