ЖаңалықтарЗаң және тәртіп

Қарағандылықтарға «Құқық тәртібі әліпбиі» акциясы түсіндірілді

Қарағанды облысының Әділет департаменті «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында «Құқықтық тәртіп әліппесі» атты акция ұйымдастырды. 

Суреттерді түсірген А. Марченко

Мақсаты – қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және әділет органдарының практикалық қызметімен таныстыру. Іс-шараға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам белсенділері қатысты. Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Еділ Жұбанов пен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов сөз алып, іс-шараның маңызына тоқталды.

– Осы акция арқылы қоғам белсенділері мен мәслихат депутаттары мемлекеттік органдардың жұмысымен танысады. Осы тұста БАҚ өкілдері де маңызды рөл атқарады. БАҚ арқылы еліміздегі заң мен тәртіптің сақталуы жолында жүйелі түрде жұмыс істеп жатқан мамандардың, құрылымдардың еңбегін айшықтаймыз. Бүгінде бәрі халыққа ашық болуы керек. Бұл акция халық пен жергілікті билік органдары арасындағы сенімді нығайтары анық, – деді Нұрлан Бикенов.

«Құқықтық тәртіп әліппесі» атты акциясы жайлы толығырақ газеттің келесі санынан оқи аласыздар…

Ерік НАРЫН
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button