Спорт

Қарағандылықтар 19 медаль жеңіп алды

Алматы облысы, Қонаев қаласында суда жүзуден Қазақстан чемпионаты өткен болатын. Чемпионатқа 11 облыстан 145 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қарағанды ​​облысы атынан қатысқан жүзуден олимпиадалық резерв мектебінің оқушылары бақ сынап, 19 медаль жеңіп алды.

Қарағандылықтар 19 медаль жеңіп алды
Жүлде алған спортшылар

Ярослав Губарев 500, 5000 және 10000 метрге жүзуден үш бірдей алтынды иеленді. Иван Лисицын тереңдігі теңіз деңгейінен 1852 метр болатын 500 метрлік бассейінді бағындырып, алтын медаль иеленді. Және 3000 метр қашықтық бойынша сынға түсіп, жүлделі ІІ орын иеленді. Сонымен қатар, жеңімпаздардың қатарында Эрик Залиев, Лиона Загриценко, Варвара Купчик, Никита Борисов, Тимур Касимов, Даниил Абросов және Тимофей Лебедев сынды спортшылар бар.

– Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы спорт шеберлерінің нормативтерін Купчик, Загриценко, Борисов және Касимов орындады. Айтпақшы, биылғы чемпионатта былтырғыдан төрт медаль артық алдық. Әрине, бұл біздің деңгейдің өсіп жатқандығын білдіреді. Тіпті, кейбір жігіттердің жастар арасындағы Әлем чемпионатына жолдама алу мүмкіндігі бар, – деді ашық суда жүзуден облыстың бас жаттықтырушысы Евгений Алёнушка.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button