Бас тақырып

Қарағандылық құтқарушыларға жаңа техника берілді

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайларға ден қоюдың жеделдігі мен тиімділігін арттыру мақсатында тиісті жұмыстар атқаруда. Осы мақсатта облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 15 жаңа арнайы техника берілді.

Суреттер облыстық төтенше жағдайлар департаментінен

Жаңа тхниканың ішінде өрт сөндіруге арналған бес автокөлік, кинологиялық қызметке арналған Toyota Hilux жол талғамайтын көлігі және экстремалды климаттық жағдайларда жұмыс істеуге арналған екі «Трэкол Вега» қар-батпақта жүретін көлігі бар.

Сонымен қатар, тіркемесі бар Marlin құтқару қайығы да алынған.

Одан бөлек, су астындағы іздеу операцияларына арналған құралдар, 166 жауынгерлік киім жиынтығы және ауаны зарядтауға арналған компрессорлар да бар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button