Ресми

Қарағандылық құтқарушы Мемлекет басшысының атынан естелік сыйлық алды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің №23 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны кезінде көрсеткен жанқиярлық жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің атынан қол сағатымен марапатталды. Бұл қатарда бөлімнің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Серік Сағаш та бар.

Сурет: облыс әкімдігінің сайтынан

Өткен аптада Қарағанды өңірінен су тасқынымен күресу үшін Солтүстік Қазақстан облысына құтқарушы бөлімнің қызметкерлерін жіберген болатын. Құтқарушылар 17-20 сағаттан тынымсыз жұмыс істеген. Топпен бірге халықты эвакуациялап, бөгеттерді нығайтқан. Әрі су деңгейін қадағалау үшін арнайы кезекшілік қойылған. Серік Сағаш та қысылтаяң шақта ерлігімен көзге түскен болатын.

– Серік Сағаш азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қызмет барысында ол өзін үнемі жауапты, батыл, шешімтал маман ретінде көрсете білді, Өз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарайды, – делінген хабарламада.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button