Жаңалықтар

Қарағандылық құтқарушы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті Осакаров ауданы №17 өрт сөндіру бөлімі өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі Сымбат Ещановқа адамдарды құтқару кезінде қызметтік міндеттерін мінсіз әрі үлгілі атқарғаны үшін «Ерлігі үшін» мемлекеттік наградасы табысталды.

Сурет: облыстық ТЖД

Биыл 3 қаңтар күні республикалық маңызы бар «Алматы-Екатеринбург» автожолында «Нұра-Қарағанды» бағытындағы автобус қар құрсауында қалып қойған еді. Құрамында Сымбат Ещанов бар құтқарушылар тобы ішінде бес бала болған барлығы 30-дан астам жолаушыны эвакуациялауға кіріседі.

Ауа райының нашарлауына байланысты Сымбат Ещанов ойланбастан басын қатерге тігіп, көліктердің алдында жаяу жол бастап жүруге шешім қабылдайды. Құтқарушының уақытылы қабылдаған дұрыс шешімі мен көзсіз ерлігінің арқасында барлық жолаушы эвакуациялық пункттерге аман-есен жеткізілді.

Азаматтық қорғау аға сержанты Сымбат Ещанов 2012 жылдан бері азаматтық қорғау органдарында қызмет етеді. Сымбат төтенше жағдайларды жоюға, сонымен қатар, құтқару және эвакуациялау жұмыстарына бірнеше рет қатысқанын атап өткен жөн.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button