АймақҚарағанды

Қарағандылық құтқарушы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Мемлекет басшысының  Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда жанқиярлығы, сондай-ақ еліміздегі су тасқыны кезеңіндегі көрсеткен ерлігі үшін  Алмаз Қарсыбеков «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.  

Суреттер: облыстық ТЖД

Қарағанды облысы ТЖД Жасақ басшысының орынбасары – Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Алмаз Қарсыбеков 2008 жылдан бастап Төтенше жағдайлар министрлігінің жүйесінде қызмет атқарып келеді.

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайын жою кезінде тұрғын үй алаптарын су басу жағдайында авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастырды. Су тасқыны аймағында қалған адамдарға көмек көрсетіп, құтқарып, олардың сынған жағдайда аман қалуын қамтамасыз етті, аталған жұмыстарды бүкіл су тасқыны аймағында жүргізуді ұйымдастырды. Алмаз Қарсыбековтың басшылығымен су басқан үйлерден 11 адам құтқарылды. 650 адам, оның ішінде 135 бала эвакуацияланды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button