Қарағандылық қос өнерпаз мемлекеттік наградамен марапатталды
Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада салтанатты жиын өтіп, Президент Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін бірқатар өнер майталмандарына мемлекеттік наградалар табыс етілді. Мәртебелі марапат алған қызметкерлер қатарында қос бірдей қарағандылық бар.

Атап айтар болсақ, «Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі» КМҚК әртісі Әсет Әбілдинге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілсе, «Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры» КМҚК әртісі-вокалисі Александр Бойко «Құрмет» орденімен марапатталды.
Жұлдызы жоғарыдан жанған жерлестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.