ЖаңалықтарРуханият

Қарағандылық оқушы Италиядан жүлдемен оралды

17 сәуір күні Италияның Сан-Ремо қаласында әйгілі XV халықаралық  «Sanremo Junior 2024» балалар ән байқауы өтті. Байқауда 6 жастан 15 жасқа дейінгі 26 елдің жас таланттары өнер көрсетіп, бақтарын сынады.

Суреттер: жеке мұрағаттан

Биыл елімізде алғаш рет аты аңызға айналған «Sanremo Junior Kazakhstan – 2024»  ән байқауына қатысуға өтінімдер қабылданды. Аталмыш байқаудың ұлттық іріктеу кезеңінен өтіп, лауреат атанған Мағжан Мыңбаев ән додасында еліміздің намысын қорғауға жолдама ұтып алған болатын.

Жуырда Италияда өткен өнер бәйгесінде қарағандылық Мағжан Мыңбаев жүлделі II орын және «Музыкалық аспапта үздік орындағаны үшін» арнайы жүлдесіне ие болды.  11 жастағы Мағжанның ұстазы – Арқа ән мектебінің белді өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші – Дәуренбек Әркенов. Бұдан бөлек, жас дарын – елімізде өткен көптеген ән байқауларының жеңімпазы. 

San-Remo Junior байқауы – БҰҰ UNICEF қаржыландыратын Италиядағы айтулы халықаралық өнер сайысы. Жыл сайын бұл байқау өз сахнасында әлемнің 20-дан астам елдің ең талантты жарық жұлдызды таңдау үшін әйгілі «Ariston» театрында қатысушыларды жинап келеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button