Қарағандылық медбике мемлекеттік наградамен марапатталды
ҚР Президенті өз Жарлығымен медицина саласының бірқатар қызметкерлерін отандық медицинаның дамуына қосқан зор үлесі және азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі қажырлы еңбегі үшін марапаттады. Ақордада өткен салтанатты рәсімде Мемлекет басшысының қолынан марапат алғандардың арасында қарағандылық Сәуле Түсіпбекова да бар.

№3 Қарағанды көпсалалы ауруханасының аға медбикесі «Құрмет» орденімен марапатталды.
Сәуле Түсіпбекова 40 жылға жуық денсаулық сақтау саласында еңбек етіп келеді. Теміртау медициналық училищесін бітіргеннен кейін онкодиспансердің химиотерапиялық бөліміне медбике болып жұмысқа орналасты. Көп ұзамай оған аға медбике лауазымы тапсырылды. Бүгінде ол жас мамандардың тәлімгері, өз біліктілігін арттырып, кәсіби тәжірибесімен бөлісуде. Әріптестері оны жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және өз ісіне адалдығы үшін құрметтейді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА