Медицина

Қарағандылық дәрігерлер бет сүйектері зақымданған балаға күрделі ота жасады

Қарағандыда дәрігерлер бет қаңқасы мен мұрын кешенінің сүйектері зақымданған балаға күрделі ота жасады. Жол апатынан қатты жарақат алған бала шұғыл түрде облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған.

Сурет: medcentr.biz

– Жағдай тұрақталғаннан кейін мұндай отаны алғаш рет көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қабырғасында титан тақтайшалары арқылы жасау туралы шешім қабылданды. Бұрын мұндай күрделі ота елордалық емханалар мен республикалық орталықтарда ғана жасалған, – деп хабарлады медициналық мекеме.

Отаны ЛОР дәрігерлері мен нейрохирургтер Мақажанов атындағы емхананың жақ-бет хирургымен бірге жасады.

– Дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында ота асқынусыз сәтті өтті. Қазіргі уақытта бала қанағаттанарлық жағдайда, – деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button