Бас тақырыпЖаңалықтар
Қарағандыдан Өскеменге әуе рейсі ашылады
«Южное небо» әуекомпаниясы наурыз айында “Қарағанды-Өскемен”, “Өскемен-Қарағанды” бағытында әуе рейсінің ашылатынын хабарлады. Ұшаққа билеттерді сату 2 наурыздан басталмақ. Әуекомпаниясы аталған бағыта аптасына 3 рет қатынауды жоспарлап отыр.

– Жолаушылар Қарағанды-Өскемен және кері бағытта аптасына үш рет: сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынай алады , – делінген авиакомпания таратқан ақпаратта.
Рейстер коммерциялық, себебі биыл бұл бағытты субсидиялау бойынша конкурс өткізілмеген.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.