АймақЖаңалықтар
Қарағандыдан Бурабайға дейін электр пойызы жүреді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі туризм саласын дамыту мақсатында Қазақстанның ірі қалаларынан Бурабай курорттық аймағына экспресс пойыздарын шығаруды тапсырған болатын. Осыған орай, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды-Астана-Бурабай электр пойызы жолға шыққанын хабарлады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ айтуынша пойыздар аптасына бес рет дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері жүрмек. Билет бағасы 2 271 теңгеден 2 943 теңгеге дейін. Электр пойыздарына билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және вокзал кассаларынан сатып алуға болады. Биылғы жылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бурабай, Имантау және Шалқар курорттық аймағына 125 мыңға жуық адамды тасымалдауды жоспарлап отыр.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.