Бас тақырып

Қарағандыда жылу желілерінің 70%-ы тозған

Қарағандыда жылу желілері қайта жаңартылуда. Ақпараттарға сүйенсек, қаладағы жылу жүйелерінің 70%-ы тозған. Бүгінде бюджеттен ақша бөлініп, біршама көшелерде жөндеу жұмыстары басталып кетті. Облыс әкімі Ермағамбет Бөлекпаев жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мекенжайларға барып, жағдайды көзбен көріп қайтты.

Жылу желілері
Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Нефтебаза көшесіндегі нөсер кәрізі қайта жаңартылуда. Себебі, бұл көшенің үйлері көктемде қар суының астында қалатын көрінеді. Қазіргі таңда осы мәселенің алдын алу үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінген. Бүгінде ауыстырылуы керек жылу желілердің жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрайды. Яғни, 19 көшеде жылу желісі жаңартылады деген сөз. Бұл жоба екі жылға есептелген. Қазірдің өзінде 4,5 шақырым жылу желілері ауыстырылған. Қалғаны келер жыл аяқталады. Су тасқыны кезінде су басып қалған көшелердің бірі –  Ғарышкерлер көшесі. Бұл көшеге біраз жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Тіпті, нөсер кәріз жүйесі де жаңартылмаған. Бүгінде жол төсеніштері ауыстырылып, нөсер кәріз жүйелері жаңартылуда.

Жылу желілері

– Бізде жылу желілері 70%-ға тозған. Сондықтан қазір ТКШ саласындағы жобалар басымдыққа ие. Жұмыс жүріп жатыр, келесі жылы да үлкен жобалар бар. Алдағы үш жылда біз тек облыс орталығында ғана емес, барлық қаладағы жылу желілерін, су, кәріз және электр желілерін ауыстыратын боламыз. Жобалардың бір бөлігі сараптамаға берілді. Біз республикаға өтінім беріп және жергілікті бюджеттен де қаржыландырамыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Жылу желілері

Ал, Ә.Ермеков көшесінде жылу магистралі қайта жаңартылуда. Жоспар бойынша бұл көшедегі ұзындығы 3,2 шақырым болатын жылу құбыр ауыстырылу қажет. Өткен жылы 700 метрі жаңартылса, биыл қалған жұмыстар жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталады деп күтілуде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button