АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда жол белгілері жаңартылуда

Қарағандыда жолдарды ретке келтіру жұмыстары басталды.

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Аймақта жаяу жүргіншілер жолағы мен жол белгілері жаңартыла бастады. Таңбалауды жаңартпас бұрын жұмысшылар жол төсемін тазартты.

– Бірінші кезекте жаяу жүргіншілер өткелдеріне кірістік. Біз сондай-ақ бақылау жасаймыз және кейбір жолдарда бөлу жолақтарын қолданамыз. Биыл магистральдық және негізгі жолдарда бөлу сызықтарын термопластикпен, ал бүкіл қала бойынша ақ жолақтарды суық пластикпен бояп шығамыз. Олардың арасындағы айырмашылық қолдану тәсілдерінде. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай белгілер ұзақ сақталады. Қызмет ету мерзімі 6 айдан асады. Қосалқы жолдарға келетін болсақ, мұнда таңбалау арнайы бояумен жасалады, – дейді Қарағанды қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Биыл екі түрлі мердігер Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан аудандары бойынша жұмыс істейді. Осылайша, жаңа таңбаларды жаңарту жұмыстары жылдамырақ бітеді деп жоспарлануда.

Ал Балқашта жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін сфералық айналар орнатылады. Олардың басты міндеті – қауіпті бұрылыстар мен көруге кедергі келтіретін заттары бар қиылыстарда апаттың алдын алу. Алғашқы үш айна Абай көшесінде, Уәлиханов – Қазбеков көшелерінің қиылысында және Жұмысшы кентіндегі Ынтымақ көшесінде орнатылды.

Ынтымақ пен Қараменде би көшелеріндегі күрделі қиылыстарда тағы екі сфералық айна пайда болады. Қауіпсіздік құралының беті жұмсақ, жылтыр материалдан жасалған. Ол соққыға төзімді және ауа-райы мен тікелей күн сәулесінің әсеріне ұшырамайды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button