Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандыда жаңа төрт мектеп ашылады

Жалпы облыстағы қалалар, елді-мекендерде бой көтеретін мектептің үшеуі – Қарағанды мен Балқаштағы «Келешек мектебі» жобасы аясында ашылса, Қарқаралы ауданының Талды ауылындағы апаттық мектеп орнына салынған 200 орындық білім ордасы да жұмысын бастайды деп күтілуде. 

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Бұл жоба бойынша Қарағандыда, сондай-ақ Бұқар Жырау және Шет аудандарында тағы алты мектеп салынуда.

– Оқу орындарына жұмыс дәптерлері, екі тілді басылымдар, арнайы кітаптар, сондай-ақ Цифрлық сауаттылық, шет тілдері, Еңбек және бейнелеу өнері бойынша электрондық ресурстар жеткізілді. Мектептерге қажетті ресурстарды жеткізуді аяқтау 25 тамызға жоспарланған, – деді Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқаруы Мейіржан Сыздықов.

Жаңа оқу жылында өңірде 52 колледж жұмыс істейді. Мемлекеттік тапсырыс 9300 орынды құрайды. Оның 60% техникалық мамандықтарға — металлургия, машина жасау, IT, құрылыс, көлік жәнек тағы басқа мамандықтарға бағытталған. 

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button