Қарағандыдағы жаппай улану: уланған балалардың қазіргі ахуалы қалай?
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған балалардың қазіргі жағдайын айтып берді.
– Қазіргі уақытта бес бала емделіп жатыр. Негізгі диагноз – улы затпен улану бойынша барлық бала сауықты. Балалар оңалту бөлімінде жатыр. Олар 21 күн бойы оңалту курсын алады. Оқиға себебін анықтау бойынша тергеу органдары, оның ішінде прокуратура әлі де тексеру жүргізуде. Тексеру аяқталған жоқ», – деді Денсаулық сақтау министрі Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар медициналық-әлеуметтік орталық қызметкерлері жұмысқа қайта оралды. Олар тергеуге шақырылды, сондықтан жұмысы уақытша тоқтатылған еді. Қазір жұмыстарына қайта оралды, – деді Ажар Ғиният.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz