АймақҚарағанды

Қарағандыдағы тұрғын үй дауы сот медиациясы тәртібімен шешілуі мүмкін бе?

Аймақта заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің тізімі, оларды салушы құрылыс компанияларының аты былтыр көктемнен бастап айтылған болатын. Бұған дейін де жазғанымыздай облыс орталығында бір жылдан бері рұқсат қағазы жоқ құрылыс компанияларымен талқылаулар жүргізіліп келеді.

Сурет: “Satti Lux Stroy” құрылыс компаниясынан

Өткен жылы Қарағандыда сот құрылыс салушы – «Satti Lux Stroy» ЖШС Мұқанов көшесі, 51/4 мекенжайындағы «Нұра» тұрғын үй кешенін бұзуды міндеттеді. Жоба бойынша және жоспарлау жобасында көрсетілгендей бес қабаттың орнына алты қабатты үй тұрғызылып қана қоймай, сонымен қатар құрылыс-монтаж жұмыстары авторлық және техникалық қадағалаусыз жүргізілген.

– Өткен жылдың маусым айында біз «Нұра» ТК өз бетінше салу деп тану туралы және компания есебінен бұзуды талап ету туралы сотқа талап арыз бердік. 2023 жылдың қыркүйегінде соттың талап-арыздарды қанағаттандыру туралы шешімі жарияланды, бірақ бір айдан кейін құрылыс салушы Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына апелляцияға арыз берді. Осы жылдың ақпан айының басында осы іс бойынша іс жүргізу медиация рәсімінен өтуіне байланысты тоқтатылды. Біздің ведомство мен ЖШС арасындағы дауды реттеу өткен аптада жасалды. Бірақ дүйсенбіде бұл іс бойынша іс қайта басталып, сот отырысы 27 ақпанға белгіленді. Құрылыс салушы – «ТТ INVEST-2022» ЖШС Мұқанов көшесі, 19/2 мекенжайындағы «Хан» ТК-не келетін болсақ, 8 ақпанда облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бұзу туралы шешіміне апелляция берілді. Қарау мерзімі әлі белгіленбеген, – дейді Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Сержан Аймақов.

Мұқанов көшесі, 55/2 мекенжайында орналасқан «Al-Farabi» тұрғын үй кешеніне қатысты қаулы қашан шығарылатыны әлі де белгісіз. Құрылыс салушы – «Т-К Building» ЖШС 12 ақпанда ғана шағым түсірген, ал шешім 8 қаңтарда шығарылды және шағымдануға 30 күн берілді. Бұдан да басқа көптеген бұзушылықтар бар.

Естеріңізге сала кетейік, аталған тұрғын үй кешендерінің барлық үлескерлеріне сот шешімімен үйлерді құрылыс салушылар есебінен бұзуға міндеттелген еді. Оларды бөлшектеуге бір ай уақыт берілген. Құрылыс компаниялары мен Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы арасында медиативтік келісім жасалуы мүмкін.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button