Жаңалықтар

Қарағандыдағы өрт кезінде қаза тапқан адам отставкадағы полиция полковнигі болған

Қарағандыдағы өрт кезінде қаза тапқандардың бірі – отставкадағы полиция полковнигі 70 жастағы Ринат Кенжебайұлы Шоқаев екені белгілі болды. Онымен бірге әйелі мен ағасы қайтыс болды.⁣

⁣Ринат Шоқаев 1987 – 1997 жылдар аралығында Қарағанды академиясында курс бастығы, одан соң саптық бөлім бойынша Академия бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. Қарағанды академиясының дамуына үлкен үлесін қосып, көптеген офицерлерді тәрбиелеп шығарған…

Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтар күні сағат 21:30 шамасында Республика даңғылындағы 16 қабатты тұрғын үйдің 8 қабатынан өрт шыққан болатын.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button