Бас тақырып
Қарағандыдағы №66 учаскеде дауыс беру басталды
Қарағандыдағы №66 учаскелік референдум комиссиясы Қарағанды экономикалық университетінде орналасқан. Мұнда 2305 дауыс беруші тіркелген. Сағат 7:00-ден бастап дауыс беруді бастап кетті.


Бұл учаскеде университеттің 160 студенті де бар. Үйден дауыс беретіндердің саны – 21 адам. Ал, оның төртеуі – мүмкіндігі шектеулі жандар.

– Сағат 7:00-ден учаскелік референдум комиссия жұмысын бастадық. Дауыс берушілер өте белсенді. Қазірдің өзінде 10 адам дауыс беріп кетті. Мұнда барлық жағдай жасалған. Сондықтан, біз ҚР “Сайлау туралы” заңына сәйкес жұмысымызды бастадық,– деді сайлау комиссиясының төрағасы Азиз Зұлхарнай.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz



