Қарағандыдағы 16 қабатты тұрғын үйдегі өрттің себебі анықталуда
Қарағандының 16 қабатты тұрғын үйінде газ жарылысы расталмады. Өрттің себебі анықталуда. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 10 қаңтарда сағат 21.29-да Республика даңғылы, 18/2 бойындағы көпқабатты үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түскен.
«8-қабаттағы пәтерде жалпы ауданы 30 ш.м. құраған өрт орын алды. Жанып жатқан пәтерден 1979 жылғы ер адам құлап кеткен, ол ауруханаға жатқызылды. Барлау барысында үш адамның денесі табылды (болжам бойынша екі ер адам мен әйел). ТЖД күшімен пәтерлерден 48 адам құтқарылды (оның ішінде 9 бала), 82 адам эвакуацияланды (оның ішінде 21 бала). Сағат 22.55-те өрт сөндірілді. Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелерінің 88 адамы мен 23 техникасы жұмылдырылды»,-делінген ТЖД хабарламасында.
Газдың жарылуы расталмағаны атап өтілді.
«Оқиға орнында газ құрылғылары табылған жоқ. Ешқандай қирау мен құрылымдық бұзылулар жоқ. Жылумен жабдықтау жүйелері бұзылмаған. Өрттің себебі анықталуда»,- деп түсіндірді ведомстводан.
Тұрғындарды жылыту үшін ТЖД үш вахталық көліктер жұмылдырылды. Эвакуацияланған тұрғындар туыстарына және қаланың қонақ үйлеріне орналастырылды. Оқиға орнында психологтар жұмыс істеп жатыр.
Тұрғындарды пәтерлерге қайтару мәселесі шешілуде.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі