Қарағандыда Владимир Троценконың жеке көрмесі ашылады
«Архитектуралық иллюзия» экспозициясында 55 жұмыс – коллаждар, фотография және графика ұсынылған. Жеке көрме «Алтын ғасыр» галереясында 23 ақпанда ашылады. Көркем бейнелер архитектуралық бейнелер мен архитектуралық композицияларды қабылдау елесін көрсетеді.
Бұл Владимир Троценконың соңғы үш жылдағы жұмысының жаңа кезеңі. Барлық жұмыстар сәулет кеңістігін ұйымдастырудағы иллюзия болып табылады. Графика мен коллаждағы аттракциондар шеруін, сондай-ақ фотографиядағы қаланың түнгі фотосуреттерін көруге болады. Көрерменге ештеңе күтудің қажеті жоқ. Келу, қарау, бағалау және ойлау керек… Қарағанды қаласы болашаққа бет бұрған шаһар сияқты, – дейді суретші.
Владимир Троценко – негізгі мамандығы бойынша сәулетші. Ол қаланың шағын аудандарының маңызды жоспарлау шешімдерін қабыллауда, ландшафтық жобалар, ірі саябақ ойын кешендерін құруда тікелей үлесін қосқан маман.
ҚР Суретшілер және Сәулетшілер одағының мүшесі. Қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық көрмелерге қатысушы.
Вернисаждың басталуы сағат 16.00-де. Көрме 8 наурызға дейін жалғасады. Галереяның мекен-жайы: Комиссаров көшесі, 35а. Жұмыс уақыты: 10:00-ден 18:00-ге дейін. Кіру тегін.
Әділет ШОПЕН.