Спорт

Қарағандыда Вера Карпованы еске алуға арналған турнир басталды

Қарағандыда Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вера Карпованы еске алуға арналған жеңіл атлетикадан көпсайыс бойынша турнир басталды. ХІХ мәрте өткізіліп отырған турнирге елорда мен жеті облыстан 160 спортшы қатысты.

Суреттерді түсірген А.Проскурякова

Жеңіл атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрама командасының бас бапкері Дмитрий Карпов:

– Вера Карпованы еске алуға арналған жарыс 19-шы рет өткізілуде. Биыл оларға 2011-2012 жылы туған балалар қатысады. Турнир көпсайыс бойынша өтеді. Себебі, анам әсіресе, жеңіл атлетиканың осы түрімен айналысқан. Әрі шәкірт те тәрбиелеген. Жеңіл атлетикадан Қарағанды мектебі – еліміздегі ең мықты мектептердің бірі. Жеңіл атлетикадан Қазақстанның барлық балалар чемпионаттарын негізінен Қарағанды облысының балалары жеңіп алады. Бұл ең танымал спорт түрі, – деді ол.

Павлодардан келген Елизавета Кошерникова осы турниерге алғаш рет қатысып отырған жоқ. Бұған дейін де келіп, жүлделі орын иеленгенін айтады.

– Бірінші сыныптан бастап жеңіл атлетикамен айналысамын. Қазір 13 жастамын. Жеңіл атлетика өте ұнайды. Әрқашан жеңіске жету мүмкіндігі бар. Бұл жарыстарда мен биіктікке секіру бойынша ІІІ орынды иелендім. Жаңа бастаған спортшыларға өз мақсаттарына жетуге кеңес беремін, – дейді жас спортшы.

Айта кетейік, жеңіл атлетиканың көпсайыс түрі бойынша қатысушылар 60 метрге жүгіріп, ұзындық пен биіктікке секіруді. Және, қыздар – 500 метр, ұлдар – 600 метр кросс жүгірді. Жарыстық қорытындысы бойынша газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button