Медицина

Қарағандыда туберкулез дертінің алдын алу айлығы жүріп жатыр

Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 23 ақпаннан бастап 22 наурызға дейін «Біз туберкулезді жеңе аламыз» ұранымен туберкулездің алдын алу айлығын жүргізіп жатыр.

Суреттер: санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан

Іс-шараның негізгі мақсаты – халыққа туберкулездің алғашқы белгілері туралы, медициналық көмекке уақытылы жүгінудің маңыздылығы, профилактикалық іс-шараларды емдеудің тиімділігі туралы хабардар болуын арттыру болып табылады.

Туберкулез – ежелден келе жатқан қабынбалы өкпе мен лимфа түйіндерінде пайда болатын жұқпалы аурулардың және әлемде көп таралған инфекциялардың бірі. Туберкулез – тек қана өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзасының – сүйек, бүйрек, ми мен мидық қабығы, тері, көз бен басқа да ағзалар зақымдалады. Дегенмен, өкпе туберкулезі жиі кездеседі.

– Жыл сайын 15 жастан бастап балаларға флюорографиялық тексеру жүргізіледі. Флюорографиялық тексеруден жыл сайын өту қажет, себебі туберкулез ертерек анықталған кезде, оны емдеу жеңілірек болады. Туберкулездің алдын алудың бірден – бір жолы БЦЖ (BCG). Профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес оны қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда перзентханада жасайды.
Туберкулезді ерте кезеңдерде анықтау үшін ересектер үшін жылына кем дегенде 1 рет флюорографиялық тексеруден өту керек, – дейді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button