Жаңалықтар

Қарағандыда тағы бір бала терезеден құлап кетті

Қарағандыда көпқабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен екі жасар қыз бала құлап кетті. Ауруханаға жеткізілген баланың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Сурет: сайт мұрағатынан

Оқиға туралы хабар төтенше жағдайлар департаментіне бүгін сағат 11:49-да түскен. Бала әртүрлі дене жарақаттарын алған. Оның анасымен бірге басқа елден қонаққа келгені белгілі болды.

– Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданда, Аманжолов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2022 жылы туған бала үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауруханаға жеткізілді. Баланың жағдайы ауыр», – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай оқиға жақында, 13 сәуірде Қарағандыда болған еді. Үш жасар қыз бала терезеден құлап кеткен. Ал оған дейін Теміртауда тағы бір бала бірінші қабаттың терезесінен құлап, жарақат алған. Бүгінгі оқиға жыл басынан бергі үшінші жағдай.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button