Аймақ

Қарағандыда екі бала терезеден құлап кетті

Өткен тәулікте Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап, зардап шекті. Екі жағдайда да балалар үлкендердің қарауынсыз қалған.

– Теміртауда 2018 жылы туған қыз бала бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетіп, қалалық орталық ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр. Ал, Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылында 2021 жылы туған бала үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Ол Қарағандыдағы Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада жатыр. Жағдайы орташа, -деп хабарлады департамент.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button