Ресми

Қарағандыда су құбыры желілері жаңартылуда

Қарағандыда инвестициялық бағдарламалар шеңберінде сумен жабдықтау және су беру желілері қайта жаңартылуда. Бүгінде жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Ал, жұмыс барысын кәсіпорын басшылығы, яғни, «Қарағанды Су» ЖШС тексереді.

Суреттер «Қарағанды Су» ЖШС әлеуметтік желідегі парақшасынан

Новоселов көшесі – Бұқар жырау даңғылы, 76 (Пассажирская көшесінен Ермеков көшесіне дейін) учаскесі – қайта жаңартылатын алғашқы учаскенің бірі. Мұнда ұзындығы – 840 м, диаметрі 200 мм болатын құбыр ауыстырылады.

Құбырларды ауыстыру Прогресс көшесі 2-36 мекенжайынан Речная көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Бұл көше бойынша ауыстырылатын құбырдың ұзындығы – 805 м, құбырлардың диаметрі – 160 мм. Атқарылатын жұмыстар траншеясыз әдісімен орнатылады.

Сонымен қатар, Бұқар жырау даңғылы мен Абай көшесі, 1 қиылысынан бастап Назарбаев даңғылына дейін ұзындығы 362 метр болатын кәріз желісі қайта жаңартылады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button