Қарағандыда шағын жәрмеңкелерде 2,7 мың тонна ауылшаруашылығы өнімдері сатылды
9 наурыз күні Қарағандының үш секторында ауылшаруашылық шағын жәрмеңкелері өтті. Майқұдықтағы «Ұмай» сауда орталығы мен Пришахтинскідегі «Молодежный» мәдени орталығы және оңтүстік-шығыстағы «Глобал сити» сауда үйінің «Фермер» орталығының аумағында өткен шағын жәрмеңкелерден тұрғындар орташа нарықтық бағадан төмен бағамен тауар сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Жәрмеңкеге Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет, Абай және Осакаров аудандарының ауылшаруашылығы тауарын өндірушілері мен қала кәсіпкерлері қатысты.
– Жәрмеңкеде барлығы 2,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды. 20 тонна ет өнімдері, 5 тонна картоп, 3 тонна жеміс-көкөніс, осыншама сүт өнімдері, 1 тонна балық өнімдері, 80 мың дана жұмыртқа, 9 тонна азық-түлік және басқа да өнімдер сатылды. Бағалар нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен белгіленді, – деп хабарлады Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.