АймақЖаңалықтар
Қарағандыда сауна өртенді
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Мұқанов көшесіндегі «Terma Lux» саунасының шатыры мен төбесінің ағаш қаптамалары өртеніп, опырылған.

Өрт туралы хабар Төтенше жағдайлар департаментінің басқару пультіне сағат 20:33-те түскен. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау 22.00-де толығымен ауыздықталған.
Қатты жел өрт сөндірушілердің жұмысын едәуір қиындатты. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге департаменттің 35 қызметкері мен 8 техникасы жұмылдырылды, – дейді ТЖД баспасөз қызметі.
Қазір оқиғаның себебі анықталуда.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.