Бас тақырыпЖаңалықтар
Қарағандыда рұқсатсыз құрылыс салушылардың жаңа тізімі жарияланды
Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы рұқсат құжаттарының толық пакеті жоқ құрылыс салушылардың жаңа тізімін жариялады. Бұрын рұқсат құжаттарының толық пакеті жоқ 11 компания болса, қазіргі таңда ол 7-ге қысқарған.

Басқарма басшылығы салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде құжаттар пакетінің бар-жоғын тексеруді ұсынады. Ол үшін 8 (7212) 43-22-43 телефон нөміріне хабарласу керек.
Рұқсат құжаттарынсыз заңсыз салынып жатқан 7 тұрғын үй кешенінің тізімін төмендегі кестеден көруге болады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.